23.11.2024

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп, бір­лескен ғылыми зерттеулерді жүргізе алады.

Олардың арасында АҚШ (Джордж Ва­шингтон, Мичиган, Вайоминг, Висконсин, Пен­сильвания, Бостон, Огайо, Мидлберри халық­­­аралық зерттеулер институты), Ұлы­бри­­­тания (Лондон империялық колледжі, Ри­динг университеті, Ливерпуль, Manchester Met­ro­po­litan University), Германия Феде­ративтік Рес­пуб­ликасы (Гумбольдт атын­дағы Берлин уни­­верситеті), Жапония (Токио универ­ситеті), Бель­гия (KU Leuven) және т.б. университеттер бар.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бо­йынша жыл сайын 500 отандық ғалым мемлекет есебінен білім алып, тағылымдамадан өтіп, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Биыл біздің ғалымдар 80 мамандық бойынша академиялық оқудан және 137 мамандық бо­йынша тағылымдамадан өте алады», деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Үздік шетелдік оқу орындарында «ға­лым­дар» санаты бойынша тағылымда­ма­дан өтуге ниет білдірген ғалымдарды іріктеу Ха­лық­аралық бағдарламалар орталығы арқы­лы жүр­гізіледі. Аталған санат бойынша тағы­лым­дама­дан өтуге кандидаттардың жал­пы жұмыс өті­лі кемінде үш жыл болуға тиіс, оның ішінде соң­ғы 12 ай таңдаған маман­дығы бойын­ша. Өті­ніш­терді қабылдау 28 қазанға дейін жалғасады.

 

Думан Анаш
“Егеман Қазақстан” газетінен алынды

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА