22.11.2024

Ақтөбелік кәсіпкер 9 оқушысы бар ауылға мектеп салып берді

Ақтөбедегі Қарлау ауылында 40 орынға шақталған бастауыш мектеп ашылды.  Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округіне қарасты Қарлау елдімекенінде бүгін бастауыш мектеп ашылды.

«Облысымызда 415 мектеп жұмыс істейді. Еліміздің өткендеуімен қатар бала саны да артып келеді. Ақтөбе облысында бір жылда он мың балаға орын тапшылығы байқалады. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес бес жылда 50 білім ордасы салынуы тиіс. Соның 12-і биыл жыл аяғына дейін тапсырылады. Әр ауылды сақтап қалу мақсатында да мектеп салынып жатыр», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Жаңа білім ордасы қарлаулық кәсіпкер Жұмабай Бекмағанбетовтің демеушілігімен бой көтерді. Жалпы ауданы – 600 шаршы метр. Жоба құны – 40 млн теңге. Бастауыш мектеп 40 орынға шақталған. Қазір мұнда 9 бала білім алып жүр. Оларға 3 мұғалім сабақ береді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Жұмабай Бекмағамбетов мырзаға өз жеке атымнан АЛҒЫС айтамын, керемет игі іс. Жұмыстарына сәттілік тілеймін. Жаңаөзен қаласы. 25.09.2021ж.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА