22.11.2024

Елорда мектебіне Ыбырай Алтынсариннің есімі беріледі

Елордада №83 мектепке Ыбырай Алтынсарин атауы беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов мәлім етті.

«Биыл елордада ұстаздар күні қарсаңында ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге бюст ашылды. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері қатысты. Және қазіргі таңда ономастикалық комиссия отырысында қаладағы №83 мектепке Ыбырай Алтынсарин атауын беруді қарастырып жатырмыз. Әрине, заң аясында жүзеге асатын процесс, сондықтан уақытты талап етіледі. Оның үстіне шешімді тек әкімдік қана қабылдамайды, жұртшылықпен ақылдасып шешіледі. Ономастика комиссиясы құрамында мемлекеттік орган өкілдерінен бөлек, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен қоса белсенді азаматтар бар», – деді А. Оралов.

Оның айтуынша, мектепке ағартушының есімін беру шешімі осы айдың соңында немесе қарашаның басында шығады.

«Мектеп атауын Ыбырай атамыздың атын беру бастамасын бәрі бірауыздан қолдайды деп ойлаймын. Тұлғаның ұлттық білім саласына сіңірген еңбегі мен қалдырған мұрасы баршамызға аян», – дейді ол.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА