22.11.2024

Асхат Аймағамбетов Ақтөбе облысы білім саласының жай-күйімен танысты

Кеше, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келіп, мектептерді аралады.
Жұмыс сапары кезінде министр өңірдегі «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының жүзеге асырылуымен танысады.

Министр Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің жұмыс сапары 2020 жылы ашылған Aqbobek халықаралық жеке мектебінен басталды. Қазіргі таңда мұнда 500-дей бала білім алып, алпысқа жуық мұғалім еңбек етеді. Олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасының түлектері де бар.

Ұстаздар қауымымен тілдескен Асхат Аймағамбетов мектептің кітапхана қорын әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі туындыларымен толықтыруды, үнемі мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұсынды.
Кейін № 51 мектепке барып, министр оқу процесімен танысты, қаланың мұғалімдерімен кездесіп, олармен өзекті сұрақтарды талқылады.

Кездесу барысында білім саласындағы жетістіктер мен инновацияларға, мұғалімдердің біліктілігін көтеруге, мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және т.б. қатысты тақырыптар қозғалды. Бұдан өзге, арнайы орта білімді дамыту туралы айтылды.

 

«Биыл «Жас маман» жобасы аясында өңірдегі жеті колледж модернизацияланып жатыр. Сондай-ақ, келер жылдан-ақ колледждерде неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа мамандықтарды ашып, «қажет емес» мамандықтарды жабу үшін еңбек нарығы жақсылап сарапталуда. Қазір мынадай жағдай: ірі өндіріс кәсіпорындарда еңбекақысы мен әлеуметтік пакеті жақсы 500-ге жуық бос жұмыс орны бар. Жұмысқа орналасқысы келетіндер бар, бірақ тиісті білімі мен біліктілігі жоқ. Осының орнын толтыруымыз керек»,- деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Министр Ақтөбе облысы білім саласын қаржыландыруда, мемлекеттік-жеке серіктестік қағидасындағы мектептер салуда, ұстаздар мен оқушыларды қолдауда көшбасшы өңірлердің бірі екенін атап өтті.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА