07.11.2024

Аймағамбетов елімізде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамту мәселесінің толық шешім таппағанын айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамту мәселесінің толық шешімін таппағанын алға тартты.

Біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептерге арнаулы күзет қоюды тапсырдық. Елорданың №58 мектебінде болған жайт мәселенің толық шешілмегенін көрсетіп отыр. Сол себепті қарашаның екінші жартысында ел бойынша қосымша тексеріс жүргізіледі. Мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жеткілікті уақыт берілді, шешім бар, қаржы бөлінді. Мәселені шешуге толық мүмкіндік бар. Қайталап айтамын, ең бастысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет», – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат кеңесі жиынында.

Бұған дейін министр таяуда елорданың №58 мектебінде ата-аналардың ресми түрде бас тартуына қарамастан балаларға жасырын екпе салып жатыр деген оқиғаға қатысты жағдайды түсіндіді.

«Қауіпсіздік алгоримті, шешімдер, техника, бейнебақылау камерасы бәрі де балалардың қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуі керек. Бұл жайтты қауіпсіздікке тексеру болды десек болады. Ал егер мүлдем басқа адамдар болса не болар еді? Ол аздай оқиға болғаннан кейін араға бірнеше күн салып айтыла бастады. Мектеп басшылығы болған жағдайға жедел әрекет етпеуімен қатар, оны жасырып қалмақ болған», – деген еді ведомство басшысы.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА