07.11.2024

Плагиатқа «әуес» студенттер оқудан шығарылад

Қазақстандағы университеттердің бәрінде плагиатты тексеретін жүйелері орнатылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.

«Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру үшін университеттерге академиялық және атқарушы дербестік бердік. Осыған орай, олар білім беру бағдарламаларын дайындағанда министрлік бекіткен үлгілік оқу жоспарларының орнына жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттарын негізге алатын болды. Тиісінше жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлеуге көшіп, 9 371 бағдарлама әзірленді», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр төртінші индустриялық революцияның әсерінен әлемдік еңбек нарығында «дағдылардың тез ескіруі» қалыпты жағдайға айналғанын еске салды.

«Өмір бойы бір диплом» сценариі енді маңызды емес. Сондықтан Президенттің тапсырмасы бойынша Өмір бойы оқу тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жұмыстың арқасында университеттер формалды емес және информалды білім алудың нәтижелерін танып, қабылдайтын болады», – деді ведомство басшысы.

Оның мәліметі бойынша, елдегі жоғары оқу орындарына академиялық адалдық талаптарын сақтау міндеті жүктеліп отыр. Ведомство плагиат проблемасымен осылайша күреспекші.

«Енді академиялық адалдық қағидаттарын бұзған студенттерді оқудан шығаруға мүмкіндік бар. Барлық дипломдық жұмыстарды, жазбаша жұмыстарды жөнсіз көшіріп алуды болғызбау үшін міндетті түрде тексеру нормасы енгізілді және университтердің бәрінде осы тексеру жүйелері орнатылды», – деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА