23.11.2024

Балаларды мектепте вакциналаудың артықшылықтары қандай – Ажар Ғиният

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният балалар вакцинациясын мектепте жүргізуге қатысты пікір білдірді.

Ажар Ғиният пен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова балалар вакцинациясын бақылау үшін елордалық №71 мектеп-лицейге барды.

«Балаларды мектепте егуге келсек, мектеп – баланың өзіне үйреншікті таныс ортасы. Екіншіден, балалар үшін қауіпсіз орта, өйткені емханаларға басқа да науқастар келеді, қазір вирустық-эпидемологиялық кезең, аурулар асқынып жатыр. Сондықтан бала денсаулығына еш қатер болмауы үшін мектептердің екпе кабинеттерінде де вакциналауды ұйымдастыруды ұйғардық», – деді деді Ажар Ғиният тілшілерге берген сұхбатында.

Вице-министрдің айтуынша, балалар жоспар бойынша келіп екпені алады, бір баланың қобалжығаны екінші балаға берілмеу үшін көп бала жиналмайды.

«Екпеден кейін де жарты сағат күтіп отыратын арнайы кабинет бар, яғни бар жағдай жасалған. Әсіресе жаңа мектептерде барлық жағдай бар, әрбір балаға жіті көңіл бөлінеді. Бір жағынан мұғалімдер де баланың екпе алғанын біліп отырады, дәрігерлермен бірге жағдайын қадағалап отырады. Мектеп басшыларына да түсіністік танытып, медициналық қызметкерлерге көмектесіп жатқанына алғыс айтқым келеді. Балалар ауырып, қайта-қайта карантинге жабылса, білімнің де сапасы болмайтын еді», – деді А. Ғиният.

Айта кетейік, Қазақстанда 3 300 бала Pfizer вакцинасын салдырды және ешқайсысынан қатты жанама әсер байқалған жоқ.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА