07.11.2024

Бюджет қаражатын жымқырған мектеп директоры сотталды

Қостанай қаласындағы №122 орта мектептің директорына бюджет қаржысын қалтасына басты деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Сот мектеп директоры қызметін атқарған М-ның 2019 жылдың қазаны мен осы жылдың қаңтар айы аралығында қызметіне байланысты сеніп тапсырылған 1 955 300 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.

«Мектеп директоры өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот отырысы кезінде прокурор оған екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкiм шығару кезiнде сот айыпталушының жауапкершiлiгi мен жазасын жеңiлдететiн мән-жайларды, алғаш рет сотталып жатқанын, сондай-ақ отбасылық-материалдық жағдайы мен оң мінездемесін назарға алды.

«Сот айыпталушының мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы ауыр сыбайлас қылмыс жасағанын мойындамайтынын және жасаған ісіне өкінбейтінін ескеріп, келтірілген залалдың 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ бұдан бұлай ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Айыпталушы мемлекет есебіне 19 553 000 теңге айыппұл төлейді», делінген хабарламада.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА