22.11.2024

Аймағамбетов 30 жылдағы білім саласы жетістіктерін атады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі білім саласы жетістіктерін атады.

Биыл – ерекше жыл, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. 30 жылдық болғаннан кейін осы 30 жылдағы жетістіктерімізді айтпасақ болмайды. 2000 жылдардың басында елімізде 2 мыңнан астам апатты жағдайдағы мектеп болған. Сол проблемалар негізінен шешілді. Енді бірен-саран мектеп қалды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 2 мыңнан астам жаңа мектеп салынды. Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші әлдеқайда өсті. Мемлекеттік тілде білім беру мәселелесін алатын болсақ, 1991 жылы 2 мың балабақшада мемлекеттік тілде тәрбие, білім алуға мүмкндік болса, бүгінгі күні 7,5 мың балабақшада осындай мүмкіндік беріліп отыр. Балалардың ЖОО-ларда білім алу құқығын айтар болсақ, бұл мәселе бойынша да соңғы 3 жылдың ішінде гранттардың саны 2 есеге артты деп айта аламыз. Шәкіртақы да 2-3 жылдың ішінде 2 есе артып отыр. Сондықтан қай саланы алсақ та алға жылжу бар. Мемлекет өзінің білім саласында берген, Конституцияда бекітілген міндеттемелерін орындап отыр», – деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысы алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол бүгінгі отырыста ел азаматтарының білім беру саласы бойынша құқықтарының жүзеге асуы қаралатындығын атап өтті.

«Бізді орта білім беру, басқа да мәселелер бойынша Конституцияда бекітілген тиісті кепілдіктер бар. Осы кепілдіктер қазір қалай жүзеге асырылып жатыр деген мәселені қараймыз», – деді Асхат Аймағамбетов.


-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА