Home Редакция таңдауы Астанада 2 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады

Астанада 2 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады

0

2 маусымда түлектердің басым бөлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады. Астана қаласында ҰБТ – 2, 4, 6 маусымда өтеді, ал апелляциялық шағым түсірушілер мамандар көмегіне 3, 5, 7 маусым күндері жүгіне алады. ҰБТ сағат 9.00 басталады. Бұл туралы astana.kz сайтына Білім басқармасынан хабарлады
Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға бөлінетін уақыт – 3,5 сағат. ҰБТ нәтижелері тапсырылған күні кешкі 18.00-ден кейін белгілі болады.
Еске салайық, тест тапсырудың форматы өзгерген жоқ, ЖОО-ға түсу үшін ең төменгі көрсеткіш 50 балл, ұлттық жоғарғы оқу орындары үшін 70 балл.
Астанада ҰБТ өтетін үш орын анықталды: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (1750 оқушы), ҚазМЗУ (781 оқушы) және С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ (1 057 оқушы).
Биыл Астанада 4 042 оқушы мектеп бітіреді. Соның ішінде 88,7 пайызы, яғни 3588 түлек Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысып, өз білімдерінің сапасын сынайтын болады. Олардың 1777-сі – қазақ тілінде, 1811-і орыс тілінде тест тапсырмақ. Ал қалған 454 оқушы (11,2%) мемлекеттік емтихан тапсырады (алыс және жақын шетелдердің оқу орындарына түсетіндер).
Бұдан басқа, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына қатысқандар Ұлттық біріңғай тестілеуден босатылады. Олардың саны ҚР БҒМ бұйрығы шыққан соң белгілі болады, әзірге олар ҰБТ тапсыратын оқушылар базасына еніп отыр.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version