23.11.2024

Алматыда жаңа форматтағы екі мектеп ашылды

Алматының екі ауданында 3300 орынды жаңа мектептер ашылды. Олар Алатау ауданындағы №205 мектеп пен Наурызбай ауданындағы 1800 орынды №206 мектеп.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде жаңа оқу орындарын аралап көрді. Мектептер заманауи жиһаздармен, қажетті оқу құрылғыларымен жабдықталған. №205 мектептің іске қосылуы 1500 оқушы орнының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді.

Әкімдікте мәлім еткендей, жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде оқу орындарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулет, ойластырылған кеңістіктік дизайн, кең сыныптар мен қоғамдық кеңістіктері бар эргономикалық интерьермен ерекшеленеді.

Мектептер заманауи Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балалардың кіруі мен шығуы туралы хабарламалар алады. Үш жағынан кіретін жеке топтар қауіпсіз санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, келер 2022 жылы «Қалқаман» ықшам ауданында 1500 орынды мектептің,«Қарғалы» ықшам ауданындағы «Зерде» жеке меншік мектебінің, «Шұғыла» ықшам ауданында 1200 және 1500 орынды екі мектептің,«Құрамыс» ықшам ауданында 1200 орынды мектепің құрылыстарын аяқтау және №15 санаторлық-мектеп интернатты реконструциялау жоспарланған.

Қазіргі таңда «Саялы», «Нұркент», «Дархан» және «Рахат-Мәдениет» ықшам аудандарында 6300 орынды 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оларды 2022 жылы тапсыру жоспардағы іс.

Сондай-ақ,«Саялы-2» ықшам ауданында 550 орынды және «Зерделі» ықшам ауданында 600 орынды мектеп құрылыстарының ЖСҚ-лары әзірленуде.«Шапағат» ықшам ауданында 600 орынды мектеп құрылысы үшін №150 мектепке іргелес жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, Алматыда ағымдағы жылы қалалық бюджет есебінен 18 оқу орны салынды, онда 11 563 оқушы орны құрылды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА