Home Жаңалық Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтіледі

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтіледі

0

Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында  халықаралық деңгейде атап өтіледі.

Өткен жылы 21 қарашада ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен ел қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы енді.

Айтулы күнді атап өту барысында еліміздің оқу орындарында ғылыми-практикалық конференциялар, оқулар және басқа да іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылады.

ТҮРКСОЙ ұйымы мүшелерінің қатысуымен халықаралық Түркологиялық конгресс өткізу жоспарланған. Алаш қайраткерінің шығармашылығы бойынша білім беру орындарында ашық сабақтар, тақырыптық конкурстар өткізіледі.

Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының  таңдамалы еңбектерін орыс, ағылшын және түрік тілдеріне аудару, ғылыми еңбектерінің толық жинағының 12 томдығын баспадан шығарып, ғылыми айналымға енгізу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік комиссия Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындықты пысықтап шықты.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version