23.11.2024

Тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әскерилер мен сақшылардың балаларына ЖОО гранты бөлінеді

Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған әскерилер мен сақшылардың баласына ЖОО гранты бөлінеді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мұндай бастама Президент тапсырмасының аясында көтеріліп отыр.

«Халық тығыз орналасқан өңірлердің және білім беру саласында үлкен алшақтық бар өңірлердің түлектері үшін техникалық бағыттар бойынша нысаналы грант бөлу жоспарлануда. Гранттар Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқу үшін бөлінеді. Сондай-ақ, оқуын бітіргеннен кейін негізгі тұратын жері бойынша жұмыс өтеу көзделеді.

Президенттің техникалық мамандықтарға басымдық беру туралы тапсырмасының шеңберінде осы бағытқа бөлінетін гранттар саны биыл 60 пайызға дейін көбейтіледі», – деді министр.

Ведомство басшысы елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қызметтік борышын өтеу жолында қайтыс болған әскерилер мен сақшылардың отбасына қолдау көрсету бойынша маңызды ұсыныс енгізілгенін атады.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау жқніндегі міндеттерін өтеу кезінде қазақ тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына университеттерде оқу үшін білім гранттарын беру ұсынылады. Бұл да Мемлекет басшысы берген тапсырманың шеңберінде», – деді Асхат Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА