22.11.2024

Астаналық полицейлер оқушыларға жазғы сақтандыру полистерін табыстады

Жаз маусымында балалар жол-көлік травматизмінің алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз, балалар» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Автоконтроль.кз» және «АСКО» сақтандыру компаниясымен бірлесе отырып, №2 орта мектепте 1-4 сынып оқушыларына арналған «Алыстан көрінген адам аман қалады» акциясын өткізді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.

Шара барысында бастауыш сынып оқушыларына 4 ай мерзіміне өмірді және денсаулықты бақытсыз жағдайлардан, жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру полистері, жолдорбалар мен сөмкелерге жабыстыруға арналған жарық шағылыстыратын қапшықтар берілді. Көптеген шетелдік зерттеулер көрсеткендей, жарық шағылыстыратын элементтері бар киім кию және заттарды алып жүру қараңғы кезде жаяу жүргіншілердің көзге көрінуінің ең қарапайым және тиімді жолдардың бірі. Бұл көлікпен кісіні қағып кету жағдайларын 6,5 есеге азайтады. Жүргізуші әдетте жаяу жүргіншіні көліктен 25-40 метр қашықтықта байқайды. Фараның жақын жарығында бұл қашықтық 130-140 метрге, ал алыс жарықпен қозғалғанда 400 метрге дейін жетеді, дейді ведомстводағылар.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, бүгінде 28 жол-көлік оқиғасынан 27 бала түрлі жарақат алса, біреуі көз жұмған. Соның ішінде 23 жолдың тыйым салынған жерлерінен жүгіріп өткен, кәмелетке толмаған төрт бала ата-аналардың балаларды тасымалдауға арналған құралдарды қолданбауының салдарынан зардап шеккен.

Еске салайық, елордалық полицейлер осы сияқты профилактикалық акциялар мен флеш-мобтарды бұған дейін де өткізген. Мысалы, биыл сәуір айында мыңдаған оқушыға жарық шағылыстыратын браслеттер, белгілер мен қапшықтар таратылды.

Полицейлердің пікірінше, тиісті профилактикалық шаралар қозғалыс қарқыны артып, жолдарда апаттылық деңгейінің өсуі байқалатын жаз кезеңінде балалар травматизмі көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА