22.11.2024

Ералы Тоғжанов өңірлердегі білім беру деңгейін көтеруді тапсырды

Өңірлер арасында білім деңгейіне қатысты айтарлықтай проблемалар мен алшақтықтар бар. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Орта білім беруде білім сапасын теңестіруге, оқытудағы кемшіліктерді дер уақытында жоюға, қалып қойған балаларды оқытуға негізгі басымдық берілуі тиіс. Қалалық және ауыл мектептері арасындағы білім алшақтығын төмендету бойынша кешенді іс-шаралар қажет. Бізде өңірлер арасында білім деңгейіне қатысты айтарлықтай проблемалар мен алшақтықтар бар. Меніңше, бұл мәселе бүгінде күнтәртібінде тұр – деді Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, әртүрлі тілде білім беретін мектептер арасында да нақты проблемалар бар.

«Сондықтан бұл бағытта аталған мәселелерді шешу үшін нақты тәжірибелік іс-шараларды айқындауды өтінемін. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері өңір әкімдерімен бірлесіп, қаржыландыруды теңестіруді және қалып қойған өңірлердің білім беру деңгейін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Әсіресе, ауылдық жерлердегі педагог тапшылығы проблемасын түбегейлі шешу қажет», – деді Ералы Тоғжанов.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА