22.11.2024

Педагогтер біліктілігін әр 3 жыл сайын арттыруға міндеттеледі – министр

Біліктілікті арттыру курстары енді педагогтер үшін 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет өткізілетін болады.

Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлім етті.

«Болашақ педагогтерді дайындау сапасын арттыру үшін, салалық біліктілік шеңберін және «Педагог» кәсіби стандартын бүгінгі заман талаптарына сай өзгертеміз.

Пән мұғалімдерінің тапшылығы проблемаларын шешу үшін қайта даярлау тетігін қолданамыз. Мысалы, мамандығы мұғалім емес, бірақ кәсіби білімі мен тәжірибесі жеткілікті мамандар мұғалімдікке қайта даярлау арқылы тартылатын болады», – деді ведомство басшысы.

Министр бұдан былай педагогтер біліктілігін әр 3 жыл сайын арттыруға міндетті болатынын атады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен біліктілікті арттыру курстары енді педагогтер үшін 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет өткізілетін болады. Тиісті заң жобасы Парламентте қарастырылуда. Педагогтердің курстарының мазмұны да айтарлықтай өзгереді.

Педагогтерді жұмысқа қабылдау, аттестаттау процестерін автоматтандыру жоспарлануда, EduKyzmet бірыңғай ақпараттық жүйесінде мұғалімнің жеке кабинеті, портфолиосы ашық түрде жиналады. Бұл жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін өте маңызды», – деді министр.

Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын ротациялау рәсімі биылдан бастап толығымен жүзеге асырылатын еске салды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

6 COMMENTS

  1. Мінистірлікі ше? Сол БҒМ біліктіліктілі қай отандық мектепте не колледж де не университете көтеріп жүр екен ? Бізде барайық сол жерге көтерейік бірге біліктілікті? Әйтепесе диплом не керек қаншама жыл салпылдап оқыған? 30 жылда білім сапасы артты деп ешкім айта алмас керісінше, осындай бітпейтін реформалар арқасында Мәңгүрт надан елге айналып болдық. Халықтың нағыз жаулары білімнің сапасын құртып алға бастырмай түрлі эксперимен жобаларды енгізу арқылы сананы улап дүмше қылып болғандары жетер. Министрліктің өзінен бастау керек реформаны. Басшылық дұрысталмай басқарылатындар оңбайды қашанда.

  2. мектепте30-35-жыл пед өтіліммен еңбек еткен ұстаздарды осы жастармен қатарластырмай тест тапсыруды тоқтатса екен.Онсызда саулықтары жок ,көз көрулері нашар өтем бе ,өтпейім бе деп қобалжып жүрген ұстаздарды босатсыншы онсызда зейнет жаска жетпей келмеске кетіп жаткандар жетерлік өтініш …

  3. Тексеру мен ұстаз біліктілігін көтеру керек деп осылай істеуге бола ма? Ұстаз балаға білім беретін адам. Сондықтан білімді сауатты беру жолын үйрету, іздеу керек.

  4. Жаны бар сөз…Алайда ұстазға жалақы төлеудің ең төменгі сатысын беру дегенімен келіспеймін. Тек… уақытты алып, бірсарынды, жаттанды өтетін семинарлар мен вебинарлардың орнына тікелей сынып оқушыларымен өтілетін сабақтар болса, сол сыныптағы мотивациясы төмен балаларды көзбен көріп, пән иесінің де сабақ беру әдісін көріп, пән иесіне әдістемелік көмек берілсе, немесе сол келген тексеру, методист сол сыныппен 1-2 рет сабақ өтіп көрсетіп, кемшілікті жою мен сабақ сапасын арттыру жолын ұсынса. Өйткені…әр сыныпта сабақ оқитын 4-5 бала, қалғаны айтпаса да түсінікті.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА