23.11.2024

Шымкенттегі мектептерде «үштік одақ» құрылады

Шымкенттегі мектептерде «үштік одақ» құрылады, деп хабарлайды . Бұл туралы бүгін білім беру ұйымдарын аралаған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.

Яғни, оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы байланысты арттыру арқылы оқушының білімді әрі тәрбиелі азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндеті тұр.

«Ата-аналар айына бір рет мұғалімге көмектесіп, бір күнін мектепте өткізетін тәжірибелер де бар. Әрине, ата-аналардың қалауы бойынша. Оның пайдасы ата-ана мұғалімнің қадірін түсініп, баласының үлгерімін көріп, сабақ өтуді үйренеді. Нәтижесінде ата-аналар үйде балаларының сабағына көбірек көңіл бөледі.

Алдағы уақытта осы мектепте бұл тәжірибе енгізіледі. Егер оқушылардың үлгеріміне жақсы әсер етсе, басқа да мектептерге енгізу қарастырылады», -деді Шыңғыс Мұқан.

Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап мегаполис мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларына толығымен тегін ыстық тамақ беріле бастады. Осыған дейін бір мезгіл тегін ыстық тамақ тек әлеуметтік жағдайына қарай берілген болса, енді мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушылары жүз пайыз ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Сонымен қатар мемлекеттік білім ұяларындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленетін 28 367 жоғары сынып оқушысы тегін тамақтануда. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мектептердегі ыстық тамақ мәзірімен танысты.

Сондай-ақ, №135 мектепте ата-аналармен кездесіп, білім саласына қатысты мәселелерді талқылады. Еркін өткен пікір алмасу барысында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Қала әкімінің бірінші орынбасары №132 мектеп пен политехникалық колледжде болып, білім беру мекемелерінің жұмыс барысымен танысты.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА