22.11.2024

ҰБТ-ны өткізу тәртібі

ҰБТ тапсыру кезінде түлектер қаперге алуға тиісті бірқатар тәртіптер бар. Осы ретте ҰБТ өткізу тәртіптері туралы парақшалар қаладағы барлық мектеп түлектеріне таратылды
Сонымен бірге ата-аналарына да ҰБТ тапсыруды ұйымдастыру түбіртектері үлестірілді. Бұл туралы Білім басқармасы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне мәлімдеді.
ҰБТ кезінде түлектерге қара және көк түсті қалам, қарындаш және өшіргіш қолдануға рұқсат етіледі. Ал қою гельді қалам пайдалануға, емтихан материалын рұқсатсыз ашуға және айырбастауға, орын ауыстыруға, оқулық, шпаргалканы аудиторияға кіргізуге және пайдалануға, көшіруге, электронды құрылғыларды(калькулятор, ұялы телефон), түзету сұйықтықтарын пайдалануға тыйым салынады.
Ереже бұзылған жағдайда тыйым салынған заттарды табу актісі жасалып, түлек аудиториядан шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ жалпы орта білім берудегі оқыту пәндері негізінде Ұлттық тестілеу орталығы жасаған тест тапсырмаларынан тұрады. Әр пән бойынша 25 тест тапсырмасы бар. ҰБТ тапсыруға әр түлекке 3,5 сағат уақыт беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға жол берілмейді. Ал нәтижелері 125 баллдық есеппен және жалпы орта білім беру аттестатын алу үшін бес балдық жүйеде бағаланады.
Егер ҰБТ нәтижесі тестілеу қатысушыларын қанағаттандырмаса, олар аппеляцияға бере алады. Апеляцияға беру тәртібі мен уақыты ата-аналар мен түлектерге таратылған парақшаларда көрсетілген.
Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша ата-аналар мен қатысушыларды күні бұрын ҰБТ өткізу тәртіптерімен таныстыру даулы сұрақтардың алдын алады және мейлінше сенімді кірісуге әрі дайындалуға мүмкіндік береді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА