22.11.2024

Алматы облысында 20 білім беру нысаны жаңартылады

Алматы облыстық білім басқармасы өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарларын жариялады.

Жалпы өткен жылы, 18 мектеп күрделі жөндеуден өткен болатын, бұған қазынадан 8,3 млрд. теңге бөлінді.

«2021 жылы өңірдегі 8 мемлекеттік және 7 жекеменшік мектеп іске қосылды. Сондай-ақ, білім күні қарсаңында Панфилов ауданы Аққұдық ауылында апаттық мектептің орнына 120 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Мектеп құрылысын жүргізудегі басты мақсат-үш ауысымды оқытуды жою. Бұл мақсатта Іле, Қарасай, Талғар аудандарында 7 жоба жосапарланып, 6-уы енгізілді. Айта кетейік, Қарасай ауданы Үштерек ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысы келісімшартқа сәйкес 2022 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Бүгінде Талдықорған музыка колледжіне арналған 100 орындық жатақхана құрылысының жұмыстары жүріп жатыр, сонымен қатар, Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жаңадан салынып жатқан гуманитарлық колледжге арналған 30 орындық жатақхана құрылысын салу шарты жасалуда. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 112 орынға жатақханасын реконструкциялау жоспралануда.

Биыл Алматы облысында 17 меткеп, 2 колледж, 1 балабақша ұзын-саны 20 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда, бұған 10.8 млрд.теңге қарастырылды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА