22.11.2024

Бүкіл әлемдік химиктер күні құтты болсын!

Бүгін яғний, 29 мамыр бүкіл әлемдік химиктер күні. Әлем ғылым-техникасымен озық өнер кәсібімен бәсекелескен бүгінгі дәуірде еліміздің осы салсында жұмыс жасайтын, үлкен-кіші һәм болашақ химиктерді «ХИМИКТЕР КҮНІМЕН» құттықтаймыз!

загруженное (23)Химияның дербес пән болғанына ұзақ уақыт болмаса да, сонау әлмисақтан күнделікті тұрмыста нақтылы қолданылып келген. Мысалы, май мен күлдің қасиетін пайдаланып қолдан сабын жасаған, айран ұйытып, қымыз ашытқан. Химияның дамуы ерте заман, таяу заман және осы заман сияқты ұқсамаған дәуірлерді басып өтті. Мыс, темір сияқты металдарды және қорытпаларды қорыту, шарап ашыту сияқтылардың бәрі де – химияның алғашқы табыстары. Бүгінгі күнде, химияға және ауыл шаруашылығы мен қоғамдық тұрмысқа тығыз байланысты болған материал, энергия қайнары, кеңістік пен тіршілік арасындағы байланыс күннен күнге қоюланды, әрі химия осылардың арасындағы алтын көпірге айналды.
Кезінде ғалымдар химия дегеніңіз – болашақтың ілімі деген екен. Шынымен де, ойлап қарасаңыз, Германия неше мәрте алапат соғыста жеңіліс тапты. Бірақ, аяғынан тез тұрып, өркендеп кетті. Мәселе химияда жатыр! Немістер химия өнеркәсібінің ішін ақтарып, барлық құпиясын жете меңгеріп алған, осыдан барып олардың экономикасы қарыштап дамып кетті. Біз қазір жыртқыш, жабайы капитализм орнаған заманда күн кешіп жатырмыз. Кезең ауыспалы болып тұр. Күні ертең не күтіп тұрғанын ешкім дөп басып, болжай алмайды. Сондықтан, қазақтың химия өнеркәсібін қалайда жандандыруға күш салып, осы салада бренд жинауға барынша дайын танытқанымыз абзал. Сонда біздің келер ұрпақ алдында жүзіміз жарық, еңсеміз тік болады, өйткені, химия – мұнай-газ, алтын т.б ол –экономика, химия – дәрі-дәрмек, ол – д енсаулық, химия – техника, химия – ғарыш, химия – атом, атап айтқанда – химия ХХІ ғасыр. Сол үшін де химиясын дамытқан елдің болашағы да қарыштай түседі!
Қазақстан химия ғылымының атасына айналған Б.А.Бiрiмжанов «Бiз – химия ғасырының тұрғындарымыз» атты сөзi қазiргi уақытта өмiр шындығына айналып отыр. Ал, біздің Қазақстан – өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді. Бұл химия ғылымының қазақстандағы болашағын әрі сөзсіз маңдай алды ғылым ретінде дамуы керектігін көрсетеді.
Әлемдік бәсекенің алдында жүргісі, ғаламды тамсандырып, адам баласының озық даму деңгейін бағындырғысы келетін, Қазақ елінің химия саласына терін төгіп, ерен еңбегін сіңіріп жүрген барша химиктерге талма, еңбек жемісің ұрпақ игілігіне жарасын деп тіліек білдіреміз. Әлем біздің химиктердің табысына тамсана қарасын!

Құрметпен: қазбілім порталы ұжымы

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА