23.11.2024

ҚАЗАҚСТАНДА АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР БАСТАЛДЫ

Биыл зияткерлік жарыстар алғаш рет электронды форматта өтіп жатыр. Жаңашылдық олимпиадалардың өтуінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оған 291 ауданнан (қаладан) шамамен 100 мың оқушы қатысады.

Олимпиаданың екінші кезеңі 22 ақпанға дейін жалғасады, үшіншісі – облыстық кезең 2022 жылдың 28 ақпаны мен 5 наурыз аралығында өтеді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада прокторинг жүйесін пайдалана отырып, «Oqylyq» платформасы арқылы өтеді. Оқушыларға тапсырмаларды алу үшін жауап бланкісі, жеке логин және пароль беріледі. Олимпиада «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» принципі бойынша өткізіледі. Бұл ретте жарыстардың бейнежазбасы және тікелей көрсетілімі жүргізіледі.

Аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары Республикалық олимпиаданың келесі облыстық кезеңіне қатысады.

Өткен жылы қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанып, Қазақстанның қоржынына 26 медаль әкелді.

Мемлекет басшысы дарынды балаларды қолдау бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Министрлік ҰБТ тапсырмай-ақ біржолғы сыйлықақылар мен білім беру гранттарын төлеуді ұсынды. Алтын медаль иегерлері 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ жеңімпаздарды дайындаған педагог-жаттықтырушыларға да сыйлықтар қарастырылған.

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Осы формат дұрыс болды, ең әділ олимпиада болды. Оқушылардың білімдері шыңдалды, мықтылары жеңді. Еңді оқушыны арнайы дайындауға болады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА