23.11.2024

Академиялық адалдық лигасының сарапшылары Қазақстанның ЖОО-на баға берді

Академиялық адалдық лигасы «Атамекен» ҰКП деректері негізінде Қазақстан жоғары оқу орындарының бас рейтингісін таныстырды. Деректер интерактивті аналитикалық мәліметтер тақтасы(дешборд) түрінде ұсынылған.

Жыл сайын кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарына келесі критерийлер бойынша бағалау жүргізеді: түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы, медианалық жалақы көрсеткіші және білім беру бағдарламасының сапасы.

Тұсаукесер барысында Лига мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтинг нәтижелерін талқылап, интерактивті сараптамалық дешборд ұсынды.

«Рейтингті біздің деректерімізді одан әрі пайдалана отырып, деректеріміздің негізінде рейтингтер қалыптастыра бастағанына біз өте қуаныштымыз» – деп сараптамалық дэшбордты «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары атап өтті.

Білім сапасы бойынша үздік ондықтың қатарына келесі жоғарғы оқу орындары кірді:

  1. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті
  2. Қазақстан-Британ техникалық университеті
  3. КИМЭП Университеті
  4. М. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина Университеті
  5. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
  6. Алматы менеджмент университеті
  7. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  8. Астана медициналық университеті
  9. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
  10. Қарағанды медицина университеті

Академиялық адалдық Лигасы хатшылығының жетекшісі Яков Воронков: «Бұл рейтингті құрудың мақсаты талапкерлерге ең жақсы және нашар университеттердің тізімін көрсету ғана емес, сонымен қатар жұмыс істейтін құралдарды ұсыну болды, оның көмегімен талапкер университет сапасының орташа бағасымен танысып, оған қызықты университеттердің білім беру бағдарламаларын салыстыра алады. Рейтингтің алғашқы ондығында  Академиялық адалдық лигасының мүшелері тұр» – деп пікірін білдірді.

Ыңғайлы сүзгілердің көмегімен білім беру бағдарламаларын рейтингтегі позиция бойынша ғана емес, сонымен қатар жұмыс деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы және орташа жалақы сияқты жеке параметрлер бойынша салыстыруға болады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА