22.11.2024

Алматыда төменгі сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінеді?

Алматыда «Балалар жылы» аясында 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен ағымдағы жылы 5,3 млрд теңге бөлу ұсынылады. Бұл туралы Алматы қалалық мәслихатының XVI сессиясында шаһар басшысы Ерболат Досаев айтты.

Сондай-ақ балалардың спорт секцияларына қолжетімділігі үшін спорт үйірмелерін қаржыландыру 1,5 млрд теңгеден 3,2 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Ал оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында 46 орта білім беру объектісінің құрылысы жалғасады. Оның 22-сі ағымдағы жылы (14 245 оқушы орнына) пайдалануға беріледі.

Бостандық, Әуезов, Алмалы, Жетісу аудандарындағы мектептерге жапсарлас 5 ғимараттың құрылысын аяқтауға қосымша 1,8 млрд теңге бөлу ұсынылады.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру жалғасып жатыр. Мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қаржы қарастыру жоспарлануда.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған 7 орталықтың үздіксіз жұмыс істеуі үшін 128,5 млн теңге сомасына медициналық және тұрмыстық жабдықтар сатып алу көзделіп отыр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА