22.11.2024

Білім туралы ұлылар ұлағаты

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн.

“Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет”.
Шоқан Уәлиханов.

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Жүсіпбек Аймауытұлы

Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.
Қадыр Мырза Әлі

Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов

Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек Аймауытов

Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов

Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов

Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
Жалау Мыңбаев

«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
С. Аманжолов

“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
Мұхтар Әуезов

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы

Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки

Білім — адам баласының ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн

Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын

Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин

Ұстаз – ұлы есім.
М.Әуезов

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз
Ыбырай Жақаев

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Спандияр Көбеев

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
Жүсіп Баласағұни

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов

Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбай

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Керең заман мылқау өлең туғызады.
Қадыр Мырза Әлі

Өлең – өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.
Сағат Әшімбаев

Адамшылықтың алды-махаббат, ғаделет сезім.
АБАЙ

Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.
Расул Ғамзатов

Таза өнердің иесі жомарт келеді.
Сайф Сараи

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов

Қарны ашып өзегі талғанда, ешкімге қол жаймай қорек тауып ішкен адамды Ұлы дер едім…
Әбу Насыр әл-Фараби

Бала өсіргің келсе дана жүректі
Қатты ұста үйрет білім ізетті
Жүсіп Баласағұн

Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
Жалау Мыңбаев

                                                                                                                                                                                       kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА