22.11.2024

2022 жылы грантқа түсу балы жоғарылай ма?

Көп жерде “Биыл грант балы түссе екен, грант балын түсірсе екен, неге “Жалпы медицинаның” балы жоғары, елге дәрігерлер керек емес пе?” дейтін пікірлер өте көп кездеседі. Біреуі “биыл грант балы түсіп кетсін” десе, пікірге бәрі “әумин” деп жазып кететіндері енді күлкілі)

Грантқа түсу балы мемлекет бекітіп қойған нәрсе емес!
Көпшілігі грантқа түсу балы мен шекті балды шатастырады.

Шекті балл – сол мамандыққа конкурсқа қатысуға не ақылы оқуға түсуге мүмкіндік беретін ең төменгі балл. Ол бекітілген нәрсе. Мысалы, былтыр педагогикалық мамандықтарға 75 балл болды.

Бұл нені білдіреді?
Егер сіздің алған ұпайыңыз 75-тен төмен болса, тіпті ақылы бөлімге де тапсыра алмайсыз! Грант конкурсына қатысу үшін 75 не одан жоғары жинауыңыз қажет.
Бірақ 75-тен ассаңыз грантқа түсесіз дегенді де білдірмейді.

Жалпы кез келген мамандықтың грантқа түсу ұпайына әсер ететін нәрселер:
1) Сол жылы конкурсқа қатысушы талапкерлер саны;
2) Сол мамандыққа дәл осы жылы бөлінген грант саны;
3) Талапкерлердің орташа ұпайы, сол таңдау пәндерін таңдаған оқушылардың қаншалықты жоғары/төмен алғандығы
4) Конкурсқа қатысқан кездегі сіз таңдаған мамандықтарға деген сұраныстың көп/аз болуы.

Карусельдегі кестеде екі жыл салыстырмалы түрде берілген. Бұл жай ғана мысал)
Бір мамандыққа 10 грант берілді дейік (іштеріңізден “Құдай сақтасын” дейтін шығарсыздар)). Сол мамандықты таңдағандардың арасында 2022 жылғы ҰБТ нәтижелері жоғары болғанымен, сұранысқа қарай грантқа түскен ең төменгі ұпайы былтырғыдан да төмен болып тұр.

Ал биылғы грантқа түсу ұпайы қаншалықты өзгеретінін қазір ешкім нақты айта алмайды. Мысалы, былтыр бәрі карантин кезінде елімізде дәрігерлер қажеттілігі қатты байқалған соң, көпшілігі “”Жалпы медицинаға” грант көбірек бөлінеді” деп ойлады. Керісінше, грант саны 2147-ден 1575-ке дейін, яғни 572 грантқа азайып кетті. Оған былтырғы түлектердің дайындығының алдыңғы жылғыдан жақсы болғаны (ҰБТ-ның әділ өте бастауынан басқа нәрсеге сенбей) мен ҰБТ-ның екі мүмкіндігін қосыңыз. Нәтижесінже грант балы 103-тен 117-ге жоғарылап кетті.

Өткенде IT бағытының таңдау пәндері математика-информатикаға ауысатын болғанда “енді көп оқушы IT-ге түсе алмай қалатын болды” деп шулап еді. Ол жерде де дәл кестедегідей болушы еді. Мүмкіндік барлығына бірдей берілді. Басым бөлігі төмен ұпай алса, грантқа түсу балы да сәйкесінше төмендейді. 6000 грант болса, соның барлығы шекті балдан асқан, сол мамандықты таңдаған 6000 балаға беріледі. Бұрын 100 балмен түскен IT-ге 70 балмен де түсе алатын еді.

Сондықтан “биыл балл көтеріледі/төмендейді” деген сөздерге елеңдей бермей, ҰБТ-ға дайындалыңыздар). Бәрібір ҰБТ тапсырмай ештеме жасай да алмайсыздар. Ал шешетін басты нәрсе – сіздің жоғары ұпай алуыңыз. Оның үстіне, желтоқсанда бекітелетін боп жатқан грант саны туралы да хабар жоқ…

 

Қанай Гүлбану Бақытханқызы

-ЖАРНАМА-spot_img

2 COMMENTS

  1. Балам тапсырды.Угиверге жетпейді балы.Коледждерге ҰБТ қызықтырмайды.Оқытатын ақшам жоқ.Жалғыз басты анамын.Балам қалаған мамандығын оқи алмаймын деп уайымға батып жүр.биылғы екі мүмкіндіктің біреуінен 83,екіншісінен 75 балл алды.

  2. Қостанайдың барлық оқу орындарын араладық.Бәріде ҰБТ қажет емес деді.
    Алаған журналистік мамандығына үміт жоқ деседе болады.Қандай жолдары бар оқуға түсуге

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА