22.11.2024

Озат оқушылар олжалы болды

ХХІ халықаралық «Жібек жолы» ма­те­ма­ти­калық олимпиадасында қазақс­тандық 46 оқушы жүлдегер атанды. Зияткерлік сайысқа Ұлы Жібек жолының бойындағы елдерден жүздеген мектеп оқушысы қатысты.

Осы додада дараланған дарабоздар халықаралық IMO олимпиадасына қатысу үшін Қазақстанның ұлттық құрамасына кіру мүмкіндігіне ие болады. Осыған қоса жүлдегерлердің дипломдары бола­шақта университеттерге түсуде артықшылық бере­ді. Мысалы, егер үміткерлер бірдей ұпай жинаса, онда басымдық, яғни оқуға түсу құқығы олим­пиа­дашыға беріледі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­тетінде офлайн форматта өткен «Жібек жолы» олимпиадасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Әзербайжан, Қытай, Тәжік­стан және Ұлы Жібек жолының бойында орна­ласқан басқа да елдерден оқушылар қатысты.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов: «Биыл «Жібек жолы» математикалық олимпиадасына 10 ел­дің командасы қатысты. Қазақстаннан 7-11-сынып аралығындағы 136 оқушы қатысты. Олар­дың барлығы – «Математика» пәні бойынша 2020-2021 оқу жылының республикалық олим­пиа­дасының және республикалық жасөспірімдер олим­пиадасының облыстық және қорытынды кезең­дерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. «Жібек жолы» олимпиадасының қорытындысы бойын­ша ұпайлар жеңімпаздарға Халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) қатысу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына кіруге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді», дейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиаданы әр ел өз аумағында өткізген. Алайда барлық мем­лекеттен келген зияткерлік жарысқа қатысу­шы­лардың қорытынды нәтижелерін Қазақстанда болған қазылар алқасы қарады.

Олимпиада нәтижесі бойынша 8 оқушы I дәре­же­лі, 14 оқушы II дәрежелі және 24 оқушы III дәре­желі дипломдармен марапатталды. Ал 2021 жылы қа­зақстандық зияткерлер Халықаралық «Жі­бек жолы» математикалық олимпиадасында 3 ал­тын, 19 күміс және 27 қола медаль жеңіп алған болатын.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА