Педагогикалық мамандықтар шекті балы көтеріледі!
2022 жылдан ЖОО-ға оқуға түсу, оқу фооматын ұйымдастыруда бірқатар өзгерістер енгізіледі:
1) 2025 жылға дейін гранттар саны 75 мыңға дейін артады (жыл сайынғы түлектер саны артқанын да ескеру керек);
2) Техникалық бағыттағы гранттар саны “40%-дан 60%-ға дейін өседі” дейді
3) Батыс өңірлердің: Маңғыстау, Атырау облыстарының мектеп түлектеріне бөлек гранттар бөлу жоспарлануда
4) Биылдан бастап педагогикалық мамандықтар шекті балы – 80 балл (былтыр – 75 балл), “құқық” мамандығы – 75 балл (былтыр – 50 балл) көтеріледі.
5) “Қолданбалы бакалавриат” пен ЖОО-ларда онлайн білім алу жобалары қолға алынып жатыр. Яғни оқуға түсетін кезде онлайн/оффлайн сияқты формат таңдалады.
6) Елімізде шетел университеттері филалдарын ашу мен еліміздегі ЖОО-лардың филиалдарын Орта Азия елдерінде ашу бойынша жұмыстар басталды.
7) Интеграцияланған әлеуметтік GPA енгізу жоспарлануда. Яғни енді ЖОО-ларда тек сабақтар бойынша баға емес, әлеуметтік белсенділікті ескеру
2025 жылға қарай стипендия мөлшері 1,5 есе артады.