23.11.2024

Балалар жылында павлодарлық оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Павлодар облысында оқушылар балалар жылында қоғамдық көлікте тегін жүреді.

«Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға балабақшада тегін тамақ (876,5 млн теңге), барлық бастауыш сынып оқушыларына мектептерде тегін тамақ (1408,1 млн теңге) қарастырылған», – деді Павлодар облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Балалар жылы туралы брифингте.

Оның айтуынша, өңірде 2022 жылы қалалық қоғамдық көлікте оқушылар тегін жүреді (ол үшін бюджеттен 679 млн теңге бөлінген).

Жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй сертификатын беру жоспарланған.

«8 бөлімнен, 64 шарадан тұратын іс-шаралар жоспары жасалды. Жалпы қаржыландыру 34247,1 миллион теңгені құрайды», – деді Д.Болатханұлы.

Спикер 2022 жылы балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге басымдық берілетінін атап өтті.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА