22.11.2024

Алғаш рет колледждер мен университеттер студенттері арасында IT байқау өткізіледі

ҚР БҒМ алғаш рет колледждер мен университеттер студенттері арасында IT байқау өткізеді:
жеңімпаздар 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін алады

Білім және ғылым министрлігі алғаш рет қатысуға ниет білдірген студенттер мен бағдарламашылар арасында «BILIM Hackathon-2022» IT байқауын өткізеді. Жеңімпаздар 1,5 миллион теңге алады. Екінші орынның жүлде қоры 1 000 000 теңгені, үшінші орын үшін 500 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар, яғни студенттер марапаттардан бөлек, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, қазылар алқасының құрамына белгілі IT-компаниялардың өкілдері кіреді және үздік қатысушылар жұмысқа шақыру алады.

IT сайыс 26-27 наурызда Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді.

Бұл байқау білім мен ғылым саласында жаңа IT жобаларды жасауға бастамашылық ету, сондай-ақ қазіргі және болашақ IT мамандарды ынталандыру мақсатында өткізіледі.

«Елімізде түрлі IT жобаларды әзірлейтін дарынды жастар көп. Оларды байқауға қатысуға шақырамыз. Сайысқа университет және колледж студенттері, одан бөлек, басқа да бағдарламашылар қатыса алады. Әр оқу орнынан бір командаға қатысуға рұқсат етіледі. Хакатонға қатысу үшін өтінімдерді monhackathon@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады. Өтінімге команданың атауын, қатысушылардың аты-жөнін және ұйымның атауын көрсету қажет», – деп айтты Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Сайысқа қатысушыларға түрлі тапсырмалар беріледі. Мысалы, еркін тақырыпта да, берілген тақырып бойынша да білім беру саласындағы цифрлық шешімдер бойынша жоба дайындау.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА