22.11.2024

“Бұл ең сұмдық нәрсе, трагедия”: Саясат Нұрбек қазақстандағы білім саласы туралы айтты

Қазақстан пандемия салдарынан 3 жыл бұрын онлайн білім беру жүйесіне көшкен болатын. Ондағы оқушы мен студенттің білім деңгейі қай-қайсысын болмасын алаңдатпай қоймады. Бұл жөнінде жақында Мәжіліс депутаты атанған Саясат Нұрбек “Желмая” аталатын YouTube бағдарламаға берген сұхбатында айтып берген еді.

“Экранның ар-жағынан балалар оқыды ма, ата-аналары жанында отырды ма, әлде ата-ана үй тапсырмасын орындады ма, белгісіз? Бұл ата-ананың деңгейі ме, балалардың деңгейі ме түсініксіз”, – деді саясаттанушы.
Сондай-ақ, Қазақстан білім беру жүйесі пайыздық деңгейге тәуелді екенін айта кетіп, өзге елдерден артта қалғанымызға дәлел келтіре өтті.

“Қазақстанда орта білімде сапаның пайызы деген жаман нәрсе қалыптасты. Яғни, ұстаз 60 пайыздан астам жақсы бағамен оқытуы керек. Бірақ бұл 3-ке оқитын баланы 4 қылып шығарады, 4-ке оқитын баланы 5-қылып шығарады, 2-ке оқитын баланы 3-қылып шығарады. Сондықтан сапа түсіп қалады”,- деді ол.
Білім жүйесінің тағы бір алаңдатар мәселесі – “Болашақ” бағдарламасымен оқып келген жастардың елімізде жұмыссыз жүруі. Саясат Нұрбектің айтуынша, олардың білім деңгейімен Қазақстанда жұмыс табу қиын. Өйткені, жұмыс берушінің талабы бағдарламамен оқып келген жастардың білімінен төмен.

“Біз ең соңғы ақшамызды шығарып, мықты бағдарламаларды шығарып, шетелдік білім жүйелерінен жартылай фабрикат дайындаймыз. Бұл ең сұмдық нәрсе, трагедия”,- деп қосты.
Қазір білім беру жүйесі офлайн режимге алмасты. 3 жыл бұрыңғы онлайн режимнің зардабын енді көріп жатырмыз.

-ЖАРНАМА-spot_img

2 COMMENTS

  1. Бірінші экономика, медицина, экологияны , саяси ахуалды реттеңіздер. Сосын оқулық, бағдарлама, білім жүйесін, системаны дұрыстап барып, сұраңыздар білім сапасын. Ата-ана жұмыссыз, жағдайы төмен , көп балалы өте көп. Нандарына дейін жоқ. Баспаналары жоқ. Қандай білім айтып тұрғаныңыз

  2. Мемлекет білім саласын қолға алмаса біз болашағы жоқ елге айналамыз. Халықтың әлеуметтік мәселелеріне жеке белгіленген қаржы бар. Ал, білім саласына бөлінетін қаржы бөлек.Оны шатыстырмау қажет.Қай кезде де елімізде білім саласын қаражаттандыруда қалдықты принципті қолданды.Міне, соның аяғы неге соғып отыр?Білікті мамандар шетелге кетуге мәжбүр,мектепті үздік бітіргелі тұрған оқушыларды Петербург, Мәскеу,Омбы, Том т.б.қалаларындағы жоғарғы оқу орындары ҰБТ тапсыртып қағып алып кетіп жатыр.Әрине, олардың басым көпшілігі сол қалаларда қалып қояды.Түрлі гранттар жариялап, жеңілдіктер жасап жатқан солтүстік көршіміздің үйреншікті әрекетіне айналғалы қашан.Біз қарап отырып, қоғамның болашағы болатын мамандардан айырылып отырмыз.Оқу министрлігінен шыққан білім саласының қай буынына болса да тиесілі реформалары толық уақыт талабын орындауға дәрменсіз. Өйткені, сабақтастық жоқ.Кей оқулықтардың жағдайы да сын көтермейді.Біздің қоғам білім ең негізгі сфера екенін түсінетін кез жеткен сияқты. Білім ғылымға жол ашады. Ғылымға мән беретін, оның маңызын түсінген мемлекеттер дің экономикалық жағдайы анағұрлым алда, біз олардан көш төмен тұрғанымызды мойындауымыз керек! Өз мамандарымызды шеттетіп, өзге елден түрлі жағдайлармен келгендерді қолпаштауды доғару қажет!

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА