22.11.2024

ҰБТ қорытындысы бойынша мектептерге талдау жасалады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ қорытындысы бойынша тақырыптық талдау туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Бірнеше жыл бұрын біз ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингін өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ мектептер оқушыларды ҰБТ-ға тіркеу және өтініштер жинау міндетінен босатылды.

Мұның бірнеше себебі болды. Оның ішінде – мектеп басшыларының 10-11 сынып оқушыларын тест сұрақтары бойынша басқа пәндерге зиянын тигізе отырып, жасанды түрде тартуға шектен тыс ұмтылысы, өтініштерді жинауда мұғалімдерге қосымша жүктеме.
Сонымен қатар үлгерімі нашар оқушыларды ҰБТ-ға қатысудан шеттету, әкімдіктердің өңірдің орташа ұпайын әртүрлі тәсілмен көбейтуге тырысуы және т.б. Бұл ретте ҰБТ-ның орташа балының өзі диагностикалық функцияны орындай алмады. Тек орташа балды білу пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етілуді ғана білдірмейді. Ал егер тақырыптар мен пәндер бойынша талдау болса, бұл басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазір қабылданған шешім өз рөлін атқарғанын, педагогтер мен мектептерге түсетін жүктемені азайтқанын көріп отырмыз. Яғни оқушылар ҰБТ-ға электронды форматта өз бетінше өтініш берді және оларды ҰБТ-дан шеттету, сондай-ақ тек тест арқылы ғана дайындау және әкімдіктердің облыс рейтингіне ықпал ету әрекеттері тоқтатылды.
Енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдалануға шешім шығардық.
Электронды форматқа көшу енді тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде пилоттық режимде енгіздік.
Бұл нені білдіреді?
Енді түлек тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алады. Дәл осындай талдауды мектепке де, нақты пәнге қатысты да, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде де жасаймыз.
Бұл не береді?
Бұл шешім тестілеушілерге қандай тақырыптарға назар аудару, қандай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді. Яғни сынаққа қатысушылар қазірдің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақырыптарға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады.
Сонымен қатар мұғалімдер де оқушылардың қандай тақырыптарда қиналғанын көреді. Мектепті алатын болсақ, мысалы, математика пәні мұғалімінің оқушыларының бір бөлігі кейбір есептерді нашар шығаратынын байқауға болады. Талдау себептерді анықтауға септігін тигізеді. Дәлірек айтқанда, мұғалімнің өзі түсіндіруде қиналатыны не бағдарламада уақыт жеткіліксіздігі, оқулықтағы сұрақтар мәселесі және т.б.
Тиісінше, талдауға байланысты оқу бағдарламаларын пысықтау, мұғалімдердің мақсатты түрде біліктілігін арттыру, біліктілікті арттыру бағдарламаларын өзгерту және т.б. бойынша шешімдер қабылдай аламыз.
Жазғы ҰБТ қорытындысы бойынша әрбір мектеп, облыс, мұғалім және түлек осындай талдау алады”.
-ЖАРНАМА-spot_img

15 COMMENTS

  1. Өте дұрыс пікір . Мектеп алаңсыз жатыр ,Ата -ана болған біздер баламызды ақы төлеп сырттан дайындатуға мәжбүрміз . Бұған жағдайы жар бермейтін отбасының балалары қайтеді сонда ?!

  2. Құрметті министр мектептен ҰБТ қорытындысы үшін жауапкершілікті алып тастап өте қате шешім қабылдаудың деп ойлаймын, себебі мектепке бәрі бір. Өкінішке орай мынау химия биология пәндері бойынша сыныптарды да ашпай, басқа мектептерге кетіңдер деп , оқуына мүмкіндік бермейді, тек қана физика математика пәндері болса болды, ең болмаса барлық емес бірнеше мектептерді тексеріп неге тек қана физика математика бағыттары бар деп сұрақ қоймаймыз, медицина саласы бізде онсыз да жарытып тұрған жоқ

  3. Өте дұрыс пікір. Сондада ойланатын тустары көп, биылғы бітіруші кластар мәселен жаратылыс тану бағдарламасымен оқығандарға қиын болып отыр, себебі олар ескі бағдарлама бойынша оқыды. 10-11сыныпта жаңа бағдарламамен оқып отыр осы тұстары балдарға қиындық тудырып отыр, ұбт да келген есептер өте күрделі әсіресе биология химия таңдаған балдарға, мектепте өтпеген есептер.

  4. Түкке тұрғысыз дүние, енді осының салдарынан бір жақты білім беру жүйесі қалыптасады, онсызда мектептегі әміршілдік жүйе әлі еш өзгеріссіз қалып отыр, бұның өзі айналып келіп реитниг ке тықпалайтын дүние болып отыр ғой, ең соңында кім кінәлі, сол баяғы мұғалім кінәлі болып шыға береді, Аймағанбетов мырза ақылды деген сайын ақылыңыздан адаса бермеңіз….

  5. ҰБТ-ға ешкандай мектептің қатысы жоқ. Ата-ана өз қаражатына жеке муғалім жалдап дайындайды. Қазір жалпы баланың білімінде мұғалімнің шаруасы жоқ. Ата-ана өзі үшін. Баланы ата-ана озі окытуда.

  6. Құрмптті министр мырза! Мектепте көп мұғалімдер сабақ мазмұнын әдістемеге салу және баланың жүрегіне жететіндей жеткізе білу техникасын меңгермеген.Бекіту талдау жеткіліксіз.Жиынтық бағалау алынған білімді бекіту мақсатын ашпайды.ТЖБ тапсырмасын интернеттен алынады.Болмаса кейбір ұстаз дайынын сатып алады екен.Ата- ана ретінде он -лайн сабақ кезінде баламның сабағын тыңдап отырып көп нәрсеге көңіліме толмады.

    • Мұғалімдердің жалақысын жыл сайын өсіреді үкімет, не үшін, сапалы білім беріп жатыр ма? Тек лицейлер мен гимназиялар тырысады, өздерінің атақтары мен абыройлары үшін, ал жәй мектептердегі Мұғалімдер уақыт өткізу ушін жүреді. Ата-ана балаларын қосымша (ақылы) курсқа беруге мәжбүр, өйткені мектептің білімі жеткіліксіз, сапасыз. Бжб мен Тжб-ның сұрақтары түсініксіз, әйтеуір осылардан қандай балл алады сол бойынша қорытынды шығарады. Білім министрлігі қайта қарастыру керек шығар бұл системаны, бұрынғы шығарма, бақылау, диктантты қалдыру керек, әйтпесе
      Мына түрімен балалар кітап оқымай сауатсыз болып кететін түрі бар.

    • ОТЕ ДУРЫС КЕРИ БАЙЛАНЫСЫ ХАЛЫКПЕН ОТЕ ТЫГЫЗ МИНИСТР МЕКТЕПКЕ КАМШЫ БАСУ КЕРЕК АЙТПЕСЕ БИЗДИН УЛТТЫК МЕКТЕПТЕРДИН ДИРЕКТОРЛАРЫ КАЛЫН УЙКЫГА КЕТТИ МАСА БОЛЫП ОЯТУ КЕРЕК ЖАЛПЫГА БИРДЕИ ОРТА БИЛИМДИ ТЕГИН АРИ САПАЛЫ АЛУ КЕРЕК ОКУШЫЛАР

  7. Өте дұрыс. Сонымен қатар қала мектептерінде оқушы саны 30. Берілетін сабақ 40 минут, мұғалім баланы қадағалайма? Әлде тақырып түсіндіреме? Әлде тжб тексереме? Осы мәселелерге мән беруіңізді сұраймын.

  8. ҰБТ-ға дайындыққа қосымша сағаттар берілмесе сабақ үстінде қайталау жүрген мен мән бермейтін оқушы көп. Жалпы оқуға ата-аналар ғана емес оқушы көңіл бөлсе нәтиже оң болары сөзсіз. Қосымша оқуға бермеңіз мектептен біліміңді тегін ал деп үнемі құлағына құйған жақсы! Оқып ізденген оқушы жақсы нәтиже беріп отыр. ҰБТ-ны жілікше шағып түсіндіру жұмысын жүргізіп жүрген қаншама оқу орталықтары бар тегін! Жалпы ата-аналарға үміт сенім артқан балаларыңыз сенімдеріңізді ақтап өзі қалаған оқуға түссін ДЕП ТІЛЕЙМІН!!! СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!!!

  9. Ешқандай мектеп баланы ҰТЫ- ға дайындамайды, әр ата-ана өз қаражатына қосымша дайындайды. Мектепте мұғалімдер пәндерді қызықтырып оқытпайды, төмен оқитын оқушыларға көңіл білмейді, қай бала жақсы оқиды солармен ғана жұмыс істейді. БЖБ, ТЖБ деген дұрыс емес, бұрынғыдай диктант, бақылау жұмысы, шығарма болу керек. Проценттік баға қою өте дұрыс емес.Бұрынғыдай 2 ден 5 -ке дейін баға болуы керек.

  10. Сәлеметсіздер ме

    Мына жерде ата -аналар неге мектеп пен мұғалімді кінәлайсыздар.Ата-аналар неге қателік пен кінәні өздеріңіз бен балаңыздан іздеп көмейсіздер.Мектепке ата-аналар жиналысына бармайсыздар.Мұғалім мен мектептен байланыс неге жасамайсыздар.
    Баланың пәндер бойынша білімін тек сабақ беретін пән мұғалімі ғана біледі.
    Ал ата-аналар оқу жылы басталғаннан бірден ақылы курстарға жүгіресіздер.Ол жерде қалай білім беріп,қандай білім алып жатқанынан да хабарсызсыздар.
    Сол ҰБТ -ға дайындық неге мектептегі пән мұғалімдерімен байланыста болып ,неге сол пән мұғалімімен дайындық жасамайсыздар.Ата -аналар тек ақшаларыңызды шашып ақылы курстарға жүгіресіздер.
    Сол мектеп пен мұғалім арқасында балаңыздың сауаты ашылып,әріп танып отыр.Өздеріңіз 1 сынып оқушысын 2 сағат оқытып әріп үйретіп көріңіздерші.Өздеріңізде сол мектеп пен мұғалімнен білім алдыңыздар.Балаарыңыз мектепте не бітіріп жүргенінен бейхабарсыздар.Бадаларызды қадағалап отырсаңыздар болар еді.
    Мұғалімнің алған айлығын есептей бермей.Балаларыңызды қадағалаңыздар.
    Ойланып сөйлеңіздер.

  11. Мектептеде мугалимдер косымша акылы окытады дейди,не маскара айлык алады,косымшага катыскан окушы 5,баскасынан сурапта жатпайды.бул жемкорлык болмай не?окушыны билим үшин емес баға үшин окытатын сиякты.мектеп пәндерин негизги сабактармен койса екен,баска сабактарды алып тастап,е онлайн кылса екен.кунде 6 сабак кыста киын маршрут жок 6 жарымда шыгады.келем дегенше канша уакыт?

  12. Ешқандай мектеп баланы ҰТЫ- ға дайындамайды, әр ата-ана өз қаражатына қосымша дайындайды. Мектепте мұғалімдер пәндерді қызықтырып оқытпайды, төмен оқитын оқушыларға көңіл білмейді, қай бала жақсы оқиды солармен ғана жұмыс істейді. БЖБ, ТЖБ деген дұрыс емес, бұрынғыдай диктант, бақылау жұмысы, шығарма болу керек. Проценттік баға қою өте дұрыс емес.Бұрынғыдай 2 ден 5 -ке дейін баға болуы керек. Тағыда бізді ауылдағы мектепте 4 дана компьютер бар басқа берілмеген. Бул мектепте оқыған бала қалай тесть тапсырады

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА