22.11.2024

Ғалым жаңа құрылатын облыстарда жоғары оқу орындары аз екенін мәселе етіп көтерді

Жас ғалым, қоғам белсендісі Ілияс Түтікбаев Ұлытау, Жетісу, Алматы облыстарында жоғары оқу орындары аз екенін проблема етіп көтерді.

Астанада «Жастардың жаңа Қазақстанды құрудағы рөлі» атты аналитикалық дискурс өтті. Селекторлық режимде өткен шарада жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің, саяси партиялар мен зерттеу орталықтарының өкілдері ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

«Президенттің бұл Жолдауы қаңтарда болған оқиғадан кейін ғана шыққан жоқ. Жолдау Мемлекет басшысының осыған дейінгі өзінің зерделеп, алдына қойып келген бағыттарын қамтыды. Қаңтар оқиғасы тек сол бағыттардың жариялануын тездетті», – деген қоғам белсендісі Ілияс Түтікбаев жаңадан құрылатын облыстардың білім саласына қатысты ұсыныс айтты.

«Елімізде Ұлытау, Жетісу, Абай сияқты үш облыс ашылады. Бұрын Алматы облысында екі жоғары оқу орны болған. Оның біреуі Талдықорған облысында, екіншісі Қарасай ауданында орналасқан. Жетісу университеті Жетісу облысында қалуы мүмкін. Ал Қарасай ауданында Сүлеймен Демирел атындағы университет бар. Президенттің жоғары оқу орындарын ашу бойынша тапсырмалары бар. Сол тапсырма аясында осы 2 облысқа назар аударса деген ұсыныс бар. Ұлытау облысының Жезқазған қаласында да бір ғана оқу орны болған. Менің білуімше, тексеруден кейін жабылу процесі жүріп жатыр. Осыны ескерсек, жаңа құрылатын облыстардың жоғары білім саласына назар аудару керек», – деді ғалым.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА