22.11.2024

Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар 75 мыңға дейін ұлғаяды – Үкімет

Техникалық және ІТ салаларға гранттар 60%-ға дейін өседі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 1000 мектеп салынады. Бұл үш ауысымды және апатты мектептер проблемасын шешуге және демографиялық өсімнен туындайтын оқушы орындарына тапшылықты жоюға бағытталған. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою үшін мектептерді модернизациялау жалғасуда. 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледжде білім алу 100% тегін болады. Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар саны 75 мыңға дейін ұлғайтылады. Оның ішінде техникалық және ІТ салаларға гранттар 60%-ға дейін өседі», – деді Е. Тоғажанов.

Сонымен қатар ол экономикаға нақты қажетті кадрлар даярлауға басымдық берілетінін айтты.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында өңірлерге шығу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері талқыланып жатыр. Депутаттардың өңірлерге сапарлары барысында көтерілген екі мыңға жуық сұрақтар Үкімет тарапынан жан-жақты сарапталып, қаралды.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА