ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі биыл мектептерде Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай жиын өткізу жоспарланбағанын жария етті.
«Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылады.
«Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», делінген баспасөз қызметі хабарламасында.