23.11.2024

Павлодардағы өрттен кейін Білім министрлігі барлық мектептерді тексереді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Павлодарда өртенген мектеп туралы пікір білдірді.

«Мұның бірінші жағдай еместігін айту керек. Сондықтан біз барлық оқыту ұйымдарына толық тексеру жүргізуді тапсырдық. Себебі өртке қарсы шаралар сақталуы тиіс. Мектеп пайдалануға берілгенде, жөндеуден кейін және жаңа оқу жылы басталар алдында міндетті түрде актілер болуы керек. Оның ішінде өртке қарсы қызметтерден де болуы қажет. Сондықтан, менің ойымша, мұндай анықтамалар мен актілер болды, енді өрттің неден туындағанын білу үшін тергеу жүргізілетін болады. Менде бар ақпаратқа сәйкес, күйік алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек бір мұғалім осы жағдайға байланысты психологиялық проблемаға ұшырады. Оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», – деді Асхат Аймағамбетов Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА