23.11.2024

Қарағанды ​​облысының тұрғындары мұғалімді балағаттағаны үшін айыппұл төледі

Қарағанды облысының екі тұрғыны WhatsApp-та педагогты қорлағаны, сондай-ақ балалардың тегін білім алу құқығына қысым көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Бірінші оқиға Қарағандыда болған. Оқушы қыздың анасы қызының сабаққа келмеу себебін білуге тырысқан сынып жетекшісіне WhatsApp желісі арқылы балағат сөздер жазып, жемқорлыққа қатысты негізсіз айыптаған.

Осы оқиғадан кейін мұғалім көмек сұрап Қарағанды ​​облысының білім сапасын қамтамасыз ету басқармасына жүгінген. Осыдан кейін ата-ана ҚРҚБП-ның 409-бабының 7-6-бөлігі “Мұғалімге қызметтік міндеттерін орындау кезінде құрметтемеу” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бап бойынша департамент ата-анаға 91 890 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Екінші оқиға Шахтинск қаласында болды. Онда ата-ана баласын тоқсандық бағалау тестін тапсыру үшін мектепке жібермеген.

“Пандемия кезінде балалар қашықтан оқыды, бірақ тоқсандық бағалау тестін мектептен өтуі керек еді. Ата-ана мұғалімдердің көндіруге тырысқанына қарамастан баласын мектепке жібермеді. Екінші тоқсаннан бастап балалар мектепке қайта оралды. Бірақ бұл ата-ана баласын мектепке жібермеуді жалғастырды. Ол үшін сот оған 42 882 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Бұл айыппұл баланың тегін орта білім алуға конституциялық құқығын бұзғаны үшін салынды”, – деп хабарлады ведомоство.

Сондай-ақ, басқармада қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған мұғалімдердің заңгерлік көмек алу үшін департаментке хабарласуға құқығы бар екенін қосты.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА