23.11.2024

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтарға зор құрметпен қараймын – Президент

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтарға қолдау көрсету керектігін еске салды.

«Мен қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарымызға зор құрметпен қараймын. Бұл азаматтарды жан-жақты, түрлі тәсілдермен қолдау керек деп ойлаймын. Бүгін Алексей Лодочников айтқандай, ондай азаматтар Қазақстанда мыңдап кездеседі», – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамбелясының ХХХІ сессиясында.

Сондай-ақ, Президент мемлекеттік тіл мен орыс тілінің қоғамдағы орны Конституцияда айқын көрсетілгені, бүкіл қоғам соған қарап бой түзеуі керектігін атап өтті.

«Тілге қатысты ешқандай кемсіту болмауы керектігін баса айтамын. Конституция бұл сұраққа айқын жауап береді. Біздің елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Бірақ біздің Ата заңымызда орыс тілі де керекті орнын алып тұр. Сондықтан осыны негізге ұстайық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА