21.11.2024

Баланы мектепке неше жастан берген дұрыс?

Жылда осы уақытта өте көп адам қоятын сұрақ. Менің берер кеңесім баланы 6,5 жастан аспай, 1-сыныпқа бермеген дұрыс. Адамның миының даму кезеңі болады. Адамның миы толық 12-13 жасқа дейін даму кезеңін бастан кешіреді.
Қазір балаңыз қағылез, бәрін алып кететін секілді көрінеді. Бірақ мидың көтеру салмағы бала үлкейе келе белгілі болады. Қазір алып кеткен балаңыз үлкейе келе шаршағанын сезесіз. Мидың даму кезеңдері болады, бұл даму кезеңдерінде қатты салмақты салу – қателік.
Әр пәннің қиындық дәрежесіне қарай басталады ғой пәндер де. Мысалы, биология 6-сыныптан, физика 7-сыныптан, химия 8-сыныптан деген секілді.
Яғни адамның әр жасындағы қабылдау мүмкіндігіне қарай зерттеп енгізілген педагогикалық шешімдер. Ал баланы ерте мектепке бергенде, осы зерттеулердің бәріне қайшы шешім шығарасыз.
Тіпті қазір 5 жастан жаңа асқан баланы мектепке бере салатындар көп. Неге десе, кейбірі балам алғыр дейді, кейбірі баламды қарайтын адам жоқ дейді. Екеуі де – балаға жаны ашымағандық.
Ол баланың тікелей болашағына қатысты. Сондықтан балаңынызды кемінде 6,5 жастан асырып, 7-ге толтырып мектепке беріңіз. Бала ештеңеден кешікпейді, ойнап, балалығын толық қандырып, мектепке барсын. Бөпе кезінен балалығынан айырмаңыз.
-ЖАРНАМА-spot_img

5 COMMENTS

  1. Өте дұрыс. Кеңес заманында баланы 7-8 жасында мектепке қабылдаған және ол кезде оқу бағдарламасы да бала жасын ескерген. Қазіргі кезде тым асығыс шешім қабылдап, сол балалардан құтыла алмай жүргендей із. Оның үстіне оқу бағдарламасы сол балалардың жасына да, психологиясына да сәйкес емес. Сабақтан жалыққан баланы көріп жанын ашиды, оның ұйқысын, ойынын ұрлағаны

  2. Қосыламын, баланы балалық шағынан айырмау керек.

  3. Сіздің пікіріңізді қолдаймын. Бала біріншіден ойын баласы. Ол 5 жасқа дейін балабақшада тәрбиешілер бақылауында , ал 6 жастан бастап мектеп партасына отырғызып , 17 жасқа дейін мұғалім бақылауында болады. Олай болса ойын баласы қай жаста емін -еркін ойнайды? “Баланың ойынын тыйғаның- баланың ойлауын тыйғаның” деген екен. Баланың ойнайтын жасында ойнатып, ойын арқылы білім алуға ынталандырып, содан кейін ғана оқуға құштар баламен ғылым әлемінің әліппелерімен таныстыруды бастау керек деп ойлаймын. Ал қазір қалай? Ойын баласының ойнайтын жасында, ойынын қандырмай, ойлау қабілеті артуына бөгет жасап, ғылымға саламыз. Бала шаршайды, оқудан жерінеді. Мектепке қай кезде барса да, баланы 10 жасқа дейін ойната отырып өзіне-өзі қызмет жасауға, еңбек етуге т.б тәрбиені сіңіру, білім алу керектігіне көздерін жеткізіп барып ғылым жолына салу тиімді болмақ.

  4. Саламатсыздар ия өтте орынды 7 жастан беру керек екен бірінші ұлымды 6 жастан бергенмін ойынға үлгермейді таң ертең турады сабағын орындап косымшасына барады одан келіп сабағына барады кешкісін сүйретіліп келеді үйге
    Ендігі ұлдарымды Алла қаласа 7 жастан беретін боламын

  5. Баланы 6 жастан бірінші сыныпқа жіберу дұрыс емес. Баланы 7 жастан бастап бірінші сыныпқа бергеніміз дұрыс.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА