23.11.2024

Аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы жазғы демалыспен қамтылады

Биыл еліміз бойынша мектеп оқушыларының 81,3 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

«Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сәйкес, биыл мектеп жасындағы балалардың 81,3 пайызы жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 236 қала сыртындағы лагерь, 11 мыңға жуық мектеп жанындағы және 930-ден астам шатырлы лагерь жұмыс істейді», – деді Есенғазы Иманғалиев Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиынында.

Комитет басшысының айтуынша, биыл жазғы демалыспен қамтылған балалардың саны өткен жылға қарағанда 800 мыңға артық.

«Биыл аз қамтылған отбасы балаларының 61 пайызы, ерекше қажеттілігі бар балалардың 64 пайызы жазғы демалыспен қамтылады. Сонымен қатар білім саласында түрлі жетістіктерге жеткен балалардың 78 пайызы лагерьлерге жіберіледі. Одан бөлек, 2 млн 564 мыңдай баланы жазғы еңбекпен қамту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 86 966 құрылыс отрядына, орман және көгалдандыру жұмыстары мен аула клубтарына жұмысқа тартылады. Сол сияқты дебат және қосымша білім орталықтарында еңбектенеді», – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін БҒМ өкілі елімізде жазғы лагерлердің жетіспеушілігі мәселесін көтерді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА