22.11.2024

Мектеп директоры бизнеспен айналысып, заңсыз табыс тапқан

Атырауда заңсыз бизнес үшін шенеуніктерге 3,8 млн теңге айыппұл салынды.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілерін анықтау бойынша мониторингті бастады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік және басқа ақылы қызметпен айналысуға, сондай-ақ, коммерциялық ұйымды басқаруға қатыса алмайды.

Мониторинг нәтижесінде заңнамалық тыйымға қарамастан өзге де ақылы қызметпен айналысқан мемлекеттік қызметшілер анықталды.

Мәселен, қалалық орта мектебінің директоры мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға бола отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны анықталды.

Нәтижесінде тапқан табысы 190 000 (бір жүз тоқсан мың) теңгені құрады.

Лауазымды тұлғаға 428 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 190 000 теңге табысы тәркіленді.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері осындай бұзушылықтар үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстың барлық мемлекеттік органның персоналды басқару қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА