22.11.2024

Астанада бірқатар мектепке танымал тұлғалардың есімі беріледі

Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар білім беру ошағына елімізге кеңінен танымал тұлғалардың есімін беру мәселесі қалалық мәслихаттың отырысында қаралды.

«Биыл 28 сәуірде қалалық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. Сол жерде елорданың бірқатар білім мекемесіне атау беру мәселесі талқыланды. Атап айтқанда №1 қалалық мектеп лицейге Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің есімін беру, №70 мектеп лицейге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің есімін беру, №92 мектеп лицейге геология-минерология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі Ақжан Әл-Машанидің есімін беру, №65 мектеп гимназияға ақын, жазушы Мағжан Жұмабаевтың есімін беру, №88 мектеп лицейге белгілі ақын Қадыр Мырза Әлінің есімін беруді және №1 өнер мектебіне белгілі күйші Тәттімбет Қазанғапұлының есімін беруді сіздердің назарыңызға ұсынып отырмыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәслихат отырысында жасаған баяндамасында.

Сондай-ақ, басқарма басшысы қалалық мәслихат депутаттарынан аталған ұсынысты қолдауын сұрады.

«Бұл жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейді. Сол сияқты нормативтік-құқықтық актілерге қойылатын талаптарды бұзбайды», – дейді ол.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА