23.11.2024

2025 жылға қарай кемінде 1 млн оқушы жаңа мектептердегі орынмен қамтылады – министр

Бала саны артып жатқандықтан, мектептер де көптеп салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар халқымен кездесуінде айтты.

«Орта білім – маңызды деңгей. Өткен жылы елімізде 277 жаңа мектеп салынды. Бала саны артып жатқандықтан, бұл аздық етті. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай кем дегенде 1 млн оқушыға орын ашылады. Сонымен қатар, біз мектептерде тілдерді біртіндеп енгізуді көздейміз. Мемлекеттік тілдегі мектептер үшін бірінші сыныпта қазақ тілі қосылады, екінші сыныпта орыс, ал үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады», – деді Асхат Аймағамбетов Торайғыров университетінде өткен кездесуде.

Министр дебаттық қозғалыс және «Оқитын мектеп» жобаларының келер ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің екінші бөлігінде министр тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар қауымы нөлінші сыныптар, отбасылық білімді заңдастыру, ерекше балаларды оқыту туралы сауалдарын қойды. Сонымен қатар, «Алтын белгі» мәртебесін растау, халықаралық олимпиадалардың пайдасы, турникеттерді алып тастау бойынша сұрады.

«Турникеттер мәселесі бойынша құзырлы органдар, мәселен төтенше жағдай мекемелері бұл құралдар эвакуация кезінде қауіпті десе айналысамыз. Әзірге мұндай ақпарат жоқ», – деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА