22.11.2024

Онлайн форматта ҰБТ тапсыру тәртібі өзгерді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу тәртібіне өзгерту енгізуді көздейтін бұйрығы бүгін күшіне енеді.

Нақтырақ айтсақ, ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн форматта берілген өтініштерді қабылдау мерзімі өзгермек.

«Күнтізбелік жылдағы 20 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1, 6, 7 және 8-тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде бір реттен артық емес өтініш беруге рұқсат етіледі», деп жазылған бұйрық мәтінінде.

Демек, аталған кезең аралығында мына санаттағы адамдар ҰБТ тапсыру туралы өтінішті электронды форматта рәсімдей алады:

11 және 12 сынып түлектері;

– ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, күнтізбелік жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері жойылған адамдар;

– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымының білім алушылары және ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер;

– ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы білім беру бағдарламалары тобына ауысқысы келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымының білім алушылары.

«Күнтізбелік жылдағы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1, 3, 5 және 6-тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде бір реттен артық емес өтініш беруге рұқсат етіледі», деп жазылған құжатта.

Яғни, аталған мерзімде:

11 және 12 сынып түлектері;

– орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы бітірушілеріне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына оқуға түсушілерге;

– республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына қабылдау үшін шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;

– ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, күнтізбелік жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері жойылған адамдарға бір реттен артық емес өтініш беруге рұқсат етіледі.

Ал, 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында:

республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына қабылдау үшін немесе қалауы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

– орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы бітірушілеріне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына оқуға түсушілерге;

– республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беретін түлектерге;

– республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына қабылдау үшін шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;

– ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, күнтізбелік жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері жойылған адамдарға бір реттен артық емес электронды форматта өтініш беруге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, 15-30 шілде аралығында:

– республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына қабылдау үшін немесе қалауы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

– орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы бітірушілеріне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына оқуға түсушілерге;

– республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беретін түлектерге;

– республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына қабылдау үшін шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;

– ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, күнтізбелік жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымына ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері жойылған адамдарға;

– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымының білім алушылары және ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндерге;

– ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» саласындағы білім беру бағдарламалары тобына ауысқысы келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымының білім алушыларына бір реттен артық емес электронды форматта өтініш беруге рұқсат етіледі.

Талапкер тестілеудің күні мен уақытын өтініш беру кезінде таңдайды. ҰБТ-ны электронды форматта өткізу мерзімі де өзгертілді:

Ол мынадай:

10 қаңтардан 10 ақпанға дейін; 1 наурыздан 31 наурызға дейін; 16 мамырдан 5 шілдеге дейін; 10-20 тамыз аралығында. Бұйрықта 16 мамыр – 5 шілде және 10-20 тамыз аралығында тест тапсырушылардың бейіндік пәндерді өзгерте алмайтыны айтылған.

Құжат 5 тамыздан бастап күшіне енді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА