Ағымдағы жылдың 5 маусымда тест тапсыруға 9 346 түлек қатысты. Тест 32 пункт базасында тапсырылды деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Тәртіп бұзушылық болған жоқ. Тест тапсырушылардан 2 938 ұялы телефон, 2 574 шпаргалка, 187 калькулятор, 16 фотоаппарат, 7 рация, 2 флешка, 1 қол сканер табылды. Төртінші күннің қортындысы бойынша, еш түлек ең жоғары 125 балды жинай алған жоқ. 1 404 (15%) 100-ден астам балл жинаған. 2013 жылы 1 389 (13,4%) мұндай нәтижеге түлек қол жеткізген болатын. Төртінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 78,2-ні құраған (2013 жылы – 74,7 балл). Ең төменгі көрсеткіш 50 балды 1 888 (20,2%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 3 074 (29,8%) болған.
Қазіргі таңда орташа балл 76,8 болып отырғандығын, ал өткен жылы орташа балл 74,7 болғандығын айтқан вице-министр:
– Биыл шекті 50 балды жинай алмағандардың саны 17 811 немесе 23,1% болса, 2013 жылы 23 778 немесе 29% болған, – деп «Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша ұйымдастырылған ҰБТ өткізетін 155 пункте мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде. Сонымен бірге ҚР білім және ғылым Министрлігінен 1700 өкіл барып, сол жердегі ҰБТ-ның бақылау жүйесін жүргізуде» деп атап өтті.
Айта кетейік, ҰБТ өткізілген төрт күннің ішінде Қазақстан бойынша 155 пункте, 76 948 түлек сынақ тапсырды. Оның ішінде алматылық 2 түлек ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді.