23.11.2024

Грант бөлу механизмі енді кәсіптік бағыттау жұмысымен ұштастырылады

Алдағы уақытта мемлекеттік білім гранттарын бөлу механизмі мектептегі кәсіптік бағыттау жұмыстарымен сәйкестендіріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

«Грант бөлу механизмі енді кәсіптік бағыттау жұмысымен ұштастырылады. Яғни, 7-сыныптан бастап әр өңірдің мектептерінде кәсіпттік бағыттау бойынша жұмыс істейтін педагогтер енгізіліп жатыр. Қазір пилоттық негізде Түркістан облысында 800 кәсіптік бағыттаушы дайындалды. Оның арнайы бағдарламасы да әзірленді. Бұл жоба алдағы уақытта еліміздегі барлық 7,5 мың мектепте енгізіледі. Осыған орай, балаға алдын ала еңбек нарығы және жаңа мамандықтар туралы ақпарат берілетін болады», – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Сонымен қатар Саясат Нұрбек енді жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беретін ұйымдар жаңа оқу бағдарламасын болжамсыз жасай алмайтынын айтты. Оның дерегінше, білім ордалары еңбек нарығындағы маман тапшылығы мәселесін ескеруі тиіс.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА