23.11.2024

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды.

«Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. Осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Оқу-ағарту министрлігінің заң департаменті көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін», – делінген құжатта .

Ұсынылып отырған бұйрықты талқылау 5 қазанға дейін жалғасады.

Айта кетсек, бұл уақытқа дейін министр Асхат Аймағамбетов «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері әлеуметтік педагог ретінде жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеп еді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА