Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында білім берудегі жинақтаушы сақтандыру тетігі әзірленді.
Оның айтуынша, өмірді сақтандыру компанияларының мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуы осы өнімді сатудың баламалы арнасын құруға және халық арасында осы жүйенің танымалдығын арттыруға мүмкіндік береді.
М. Хаджиеваның айтуынша, биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бағдарламасына 4 банк қатысады және жалпы сомасы шамамен 33,5 млрд теңгеге 22 мың депозит ашылған.
Айта кетейік, 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған еді.
Заңға сәйкес, Қазақстанда ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитетін енгізу жоспарланып отыр. Ол ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және олардың әрқайсысына жеке кесте бойынша өмір бойы төлемдер белгілеуге мүмкіндік береді.