07.11.2024

Темекі шегіп жүрген оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылды (видео)

Әлеуметтік желіде Атыраудағы Сәтпаев даңғылында орналасқан ойын алаңдарының бірінде жасөспірімдер қыздырылатын темекісі бар темекі өнімдерін пайдаланған бейнежазбасы таралған. Учаскелік инспекторлар оларды анықтап, ата-аналарының қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Атырау ҚПБ хабарлағандай, 7 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі («ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқор қоспасын тұтыну») бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Кейін Атырау облыстық полиция департаменті былай деп хабарлады: «№16 мектеп оқушылары сатып алған қыздырылған темекі сигараларын сататын дүкен анықталды. Ата-аналардың арызы бойынша дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігі («Темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде он сегіз жасқа толмағандарға қыздырылған темекі өнімдерін сату») бойынша  әкімшілік хаттама толтырылды, сотқа жолдау үшін құжаттар жинақталуда”

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА