22.11.2024

Әрбір ата-ана өзіне қоюы тиіс сұрақтар

Кейде ата-ана ойланбастан өз өміріндегі “әттең-ай” деп арманда кеткен нәрсені баланың өмірі мен таңдауына араластыруға тырысады. Тіпті, баланы өмірге алып келдім, демек ол менің қалауыммен өмір сүруі міндетті деп ойлайтындар да бар. Бірақ оның бала үшін де, ата-ана үшін де жақсы нәрсе емес екенін өмірдің өзі дәлелдеп жүр. Бүгін әр ата-ана алдымен өзіне қою керек сұрақтар тізімін ұсынамыз.

1. Мен балаға өмір сыйладым ба әлде оның өмірін менің орындалмаған армандырама арнадым ба?
2. Менің мазамды алса да, оның өз бетімен шешім қабылдай алатын әрі жауапты болып өскені маңызды ма әлде өзгенінің көмегінсіз өмір сүре алмаса да маған тыныштық сыйлағаны маңызды ма?
3. Мен шынымен баламның таңдауына сыйластық білдіріп, бар мәселені өзі шеше алатынына сенемін бе әлде оның мәселесін тек мен шеше алатындай балам соншалықты әлсіз бе?
4. Мен баламның қателесуге құқығы барын білемін әрі оны қатесі үшін сөгіп, жазаламаймын ба әлде одан мінсіздікті талап етемін бе?
5. Менің бақыт туралы түсінігім басқа болғанына қарамастан баламның өз бақытын тапқанын қалаймын ба әлде ол менің түсінігімдегі бақыт ұғымына сай өмір сүруі керек пе?

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА