07.11.2024

Алдағы он жылда нарықтағы 60%-ға жуық мамандыққа қажеттілік болмай қалуы мүмкін

Дүниежүзілік экономикалық форум болжамдарына сәйкес, 10 жылдан кейін 60 пайызға жуық мамандық трансформацияға ұшырайды не болмаса істен шығады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.

«Дүниежүзілік экономикалық форум болжамдарына сәйкес, 10 жылдан кейін 60 пайызға жуық мамандықтар трансформацияға ұшырайды, иә болмаса істен шығады. Тиісінше, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін мамандардың қосымша құзыретттіліктерін алу қажеттілігі өте жоғары. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өмір бойы білім алу тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада көзделген шаралар көптеген білім алу жолдары арқылы, формальды емес оқыту арқылы да, жаңа білім мен құзыреттіліктерді алуға мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік білім беру стандартында микроквалификация білім алу нәтижелерін қабылдау жоспарланған», – деп тоқталды вице-министр.

Қуаныш Ерғалиевтің мәлімдеуінше, студенттерді онлайн форматта оқыту маңғыздылығы артып келеді. Осыған байланысты келесі оқу жылынан бастап, аталған білім берудің жаңа түрі іске қосылады. Атап айтқанда, университеттерде цифрлық оқыту ресурстарын, желілер мен жаппай ашық онлайн-курстарды дамыту жоспарлануда.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА